Абай облыстық Антикор комплаенс-офицерлердің қызметін күшейтуде

Абай облыстық Антикор комплаенс-офицерлердің қызметін күшейтуде

Абай облысында комплаенс-офицерлердің жұмыс тиімділігін арттыру бағытында жүйелі іс-шаралар жалғасуда.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Шәкәрім университетінің комплаенс-офицерлеріне әдістемелік-практикалық көмек көрсетті.

Іс-шара аясында мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу тәсілдері, комплаенс жүйесінің тиімді жұмыс істеу тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, күнделікті қызмет барысында жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша практикалық мысалдар қарастырылды.

Мұндай оқыту комплаенс-офицерлердің кәсіби деңгейін көтеріп, алдын алу шараларының пәрменділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде «Заң мен тәртіп» қағидасына негізделген ашық әрі адал басқару жүйесін қалыптастыруға жол ашады.