Абай облысында халыққа тегін құқықтық көмек көрсету бойынша акция өткізілді

Абай облысында халыққа тегін құқықтық көмек көрсету бойынша акция өткізілді

2025 жылғы 12 маусымда Семей қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті мен Абай облысының Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен құқықтық көмек бойынша ауқымды акция өтті.

Іс-шараға Әділет, Полиция, Мемлекеттік кірістер, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің, сондай-ақ облыс әкімдігінің барлық бейінді басқармаларының өкілдері қатысты.

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған. Қала тұрғындары құқықтық және әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша ақысыз кеңес алды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсініктемелер, сондай-ақ оларды толғандыратын сұрақтарға жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар мемлекет пен азаматтар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.