Заң және Тәртіп: Аягөз ауданында жол жөндеу саласындағы жұмысшылармен кездесу өтті

Заң және Тәртіп: Аягөз ауданында жол жөндеу саласындағы жұмысшылармен кездесу өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаметінің ауданаралық бөлімінің ұйымдастыруымен Аягөз ауданында орналасқан «КАЖ сервис» мекемесінің филиалы – ДЭУ-71 мекемесінің жол жөндеумен айналысатын жұмысшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – еңбек адамдарының беделін көтеру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және кәсіби ортада «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту болды.

Шара барысында жол жөндеу жұмыстарында туындайтын мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, еңбек қатынастары саласындағы заң талаптары, жұмысшылардың құқықтары мен міндеттері жайлы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәсіби этика, әділдік пен тәртіпке негізделген еңбек мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.

Жұмысшылар өз пікірлерін білдіріп, еңбек үдерісін жақсарту мен ашықтықты қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Мекеме басшылығы еңбек ұжымының ашықтық пен заңдылық қағидаттарын ұстануға дайын екенін білдіріп, аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.