
Абай облысында балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өз пікірін еркін білдіруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ – құқықтық мәдениеттің бастауы» атты форум өтті.
Іс-шараға облыстың барлық өңірлерінен келген мектеп оқушылары, белсенді жастар, Білім басқармасының өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Форум барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Толыбеков Нұржан Нұрлыбекұлы білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы сөз қозғап, оларды болдырмауға бағытталған нақты жобалар мен алдын алу шараларымен таныстырды. Сонымен қатар, баланың қауіпсіз әрі сенімді ортада дамуы «Заң мен Тәртіп» қағидатының сақталуына тікелей байланысты екені атап өтілді.
Форум аясында қатысушылар балалар құқығын қорғауға бағытталған пікірталастарға қатысып, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған тренингтер мен интерактивті сессияларға белсене атсалысты.
Департамент өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауға әрдайым дайын екенін білдіреді.