Абай облысында «Халық заңгері» акциясы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Абай облысында «Халық заңгері» акциясы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Абай облысында 30 мамырда облыстың барлық қалалары мен аудандарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақысыз заң көмегін көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Акция аясында Абай облысының тұрғындары отбасылық және еңбек мәселелерінен бастап, мүліктік және кәсіпкерлікке қатысты құқықтық сұрақтар бойынша білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Тұрғындарға заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмек көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рақышев Рүстем Ғалымжанұлы «Заң және тәртіп» ұранымен өтіп жатқан акция құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.