Заң мен Тәртіп: 30 мыңнан астам оқушы адалдық, құқықтық сауаттылық және қауіпсіздік туралы білім алды

Заң мен Тәртіп: 30 мыңнан астам оқушы адалдық, құқықтық сауаттылық және қауіпсіздік туралы білім алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті және Білім басқармасының бастамасымен Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп онлайн-кеңес ұйымдастырылды. Оған өңірдің барлық мектептерінен 30 мыңнан астам оқушы қатысты.

Жазғы демалыс, мемлекеттік емтихандар мен Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында ұйымдастырылған кеңесте оқушылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен адалдық қағидаттары, киберқауіпсіздік, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ суға түсу маусымындағы қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі сияқты ең өзекті тақырыптар қозғалды.

Оқушыларға жемқорлықтың алдын алу шаралар мен оның салдары туралы ақпарат түсіндірілді. Жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік секілді құндылықтарды қалыптастыру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетігі.

Мемлекеттік органдар жас буынның қауіпсіз ортада білім алып, әділ әрі адал тұлға ретінде қалыптасуына барынша жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырып, олардың қауіпсіз және адал ортада қалыптасуына серпін береді.