Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII "Алтай ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Алтай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4/8-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/3-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Әртүрлі.
Соңында Р. Т. Құрмамбаев инфрақұрылымды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтіп, алдағы жылдарға арналған жұмыс жоспарын депутаттардың назарына жеткізді.