2025 жылғы 27 наурызда мәслихаттың кезекті 26 сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ж. А. Асқарова, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Алтай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;
1.1. Шығыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясы төрағасының Алтай ауданы бюджетінің атқарылуын бақылаудың 2024 жылғы нәтижелері туралы есебін бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Дүйсембин Ахметов сөз сөйледі;
- Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының медициналық мекемелерінде медициналық қызметтер көрсету туралы. Алтай ауданының тұрғындарын тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
- Серебрянск қалалық ауруханасының медициналық мекемесінде медициналық қызмет көрсету туралы;
- Алтай ауданының елді мекендерінде су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы туралы;
- Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4 – VІІІ "Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Алтай ауданның мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4/4-VI "Алтай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Мәселелер сессия алдында тұрақты комиссиялардың отырысы барысында қаралды және талқыланды