
1992 жылы 4 маусымда Қазақстанда тұңғыш рет тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады.
Бүгін, 2022 жылғы 4 маусымда сағат 10.00-де Алтай өңірі мәслихат аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын бір мезгілде орындауға қатысты.