Алтай ауданы мәслихатының депутаттары мәслихат депутаттарының III республикалық форумына қатысты.

Алтай ауданы мәслихатының депутаттары мәслихат депутаттарының III республикалық форумына қатысты.

 Аталған іс-шара өңірлерді дамытудағы жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған маңызды диалог алаңына айналды.

Форум барысында Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев мәслихаттардың елдің саяси жүйесіндегі ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы сенімді көпір болып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қойып, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге белсенді атсалысуы тиіс.

Мемлекет басшысы мәслихаттардың рөлін күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, олардың тиімді қызметі азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін жеткізді. Сондай-ақ жергілікті деңгейде мемлекеттік қызметтің болашақ кадрлық резерві қалыптасатынына назар аударды.

Аталған форумға қатысу депутаттар үшін тәжірибе алмасуға, өңірлерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және мәслихаттардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерді қарастыруға мүмкіндік берді.