
Ашық диалог барысында округ тұрғындары ауыл арқылы өтетін республикалық автожолдағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, елді мекен бойымен жол бойына жарықтандыру орнатудың, сондай-ақ жылдамдықты бақылау камераларын қоюдың қажеттілігі айтылды.
Тұрғындардың ұсыныстары қабылданып, әрі қарай қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін бақылауға алынды.