Алтай қаласында аудан әкімі Қурмамбаев Р.Т.-ның тұрғындармен есептік кездесулері өтті. Іс-шаралар барысында өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелері жан-жақты баяндалды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарлар мен басым бағыттар ұсынылды. Кездесуде қатысушыларға қала өмірінің түрлі салаларында жүзеге асырылған жобалар мен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Қала тұрғындарын алаңдататын мәселелер бойынша талқылау барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, қалалық аумақты абаттандыру, сумен жабдықтау жобаларының I–II кезектерін аяқтау тақырыптары қозғалды. Тұрғындардың барлық ұсыныстары мен ескертулері тыңдалып, жұмысқа қабылданды.