Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Алтай ауданының әкімі Курмамбаев Р.Т., Алтай ауданының әкімінің орынбасары Аскарова Ж.А., Алтай ауданының мәслихатының төрәғасы Гречушникова Л.А. «Казцинк» ЖШС-нің атқарушы директоры И. Анисимовты және кәсіпорынның еңбек ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Кездесу барысында «Қазцинк» ЖШС ауданның өндірістік әлеуетін, экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға елеулі үлес қосып отырған негізгі кәсіпорындардың бірі екені атап өтілді. Аудан басшылығы ұжымға жоғары кәсібилігі, еңбекке жауапкершілікпен қарағаны және ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.

Алтай ауданының әкімі, Алтай ауданының әкімінің орынбасары Аскарова Ж.А., Алтай ауданының мәслихатының төрәғасы кәсіпорын қызметкерлеріне зор денсаулық, тұрақтылық, алдағы жылы өндірістік табыстар, жоспарланған мақсаттардың жүзеге асуын, береке-бірлік пен ертеңгі күнге деген сенім тіледі.