Күн тәртібінде аудан аумағындағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері, сондай-ақ келесі құқықтық актілердің жобалары қаралды:
«Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» және «Аудан бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы».
Отырыста Средигорное және Парыгино ауылдық округтерінің әкімдерінің есептері тыңдалды.
Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған мәселелерді талқылап, баяндамашыларға нақтылаушы сұрақтар қойды.
Отырыс қорытындысы бойынша құқықтық актілердің жобалары бекітуге ұсынылды, ауылдық округтер әкімдерінің есептері қанағаттанарлық деп танылды, ал кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының есебі ақпарат ретінде қабылданды.