Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті
2025 жылғы 24 қазанда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына 10 депутат, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі, қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері, басқармалар мен дербес бөлімдердің басшылары, Алтай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мен Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды:
2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII «2025–2027 жылдарғаарналған Алтай ауданыныңбюджетітуралы» Алтай ауданымәслихатыныңшешімінеөзгерістеренгізутуралы. Баяндамашы: Хамитов Рафаэль Шариполлинович – «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Алтай ауданыәкімінежүктелгенфункциялар мен міндеттердіңорындалуытуралыесеп. Баяндамашы: Курмамбаев Ренат Тлеуханович – Алтай ауданының әкімі.
Алтай ауданыныңтұрғынүй-коммуналдыққызметтерінің, тіршіліктіқамтамасызетунысандары мен тұрғынүйқорының 2025–2026 жылдардағыжылытумаусымынадайындығытуралы. Баяндамашы: Жуанғанов Қуат Айдынұлы – «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Алтай ауданындағыжалпыбілімберетінмектептердің аттестация нәтижелерітуралы. Баяндамашы: Канафина Бақытгүл Қалибекқызы – «Алтай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII «Алтай ауданындатұрғынүйкөмегініңмөлшерінжәне оны көрсетутәртібінайқындаутуралы» Алтай ауданымәслихатыныңшешімінеөзгерістер мен толықтыруларенгізутуралы. Баяндамашы: Шидыч Татьяна Юрьевна – «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4–VIII «Аудандықаумақтықжәнеучаскеліксайлаукомиссияларынсайлаутуралы» шешімінеөзгерістеренгізутуралы.
Отырыс барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, әрбір мәселе бойынша ұсыныстар мен сындарлы ескертпелер енгізді.
Қабылданған шешімдер ауданның одан әрі дамуына, коммуналдық меншікті басқару жүйесін жетілдіруге және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Барлық шешімдер талқылаудан кейін бірауыздан қабылданды.