Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, Алтай қаласының әкімі және «ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рабочая көшесіндегі көпірде жүргізіліп жатқан жол жұмыстарының барысымен танысты.
Іс-шара барысында қатысушылар нысанның қазіргі жағдайымен танысып, жұмыс процесінің ұйымдастырылуын, қалпына келтіру технологияларын және жұмыс кестесінің сақталуын талқылады.