Алтай ауданы мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелерімен, Алтай қаласының әкімімен және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысымен бірге Гастелло көшесіндегі автокөлік көпірінің ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылау мақсатында көшпелі мониторинг жүргізді.

 Айта кету керек, Алтай қаласындағы көпірлерді жөндеу мәселесі мәслихат депутаттары тарапынан бірнеше рет көтеріліп, қала және аудан әкімдерімен кездесулерде талқыланды. Сонымен қатар, бұл мәселе Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тарапынан облыстық деңгейде көтеріліп, түрлі органдарға депутаттық сауалдар жолданған болатын. Нысанды аралау барысында қатысушылар орындалған және алдағы жұмыстармен танысып, аяқталу мерзімдері мен техникалық талаптардың сақталуын талқылады. Сонымен қатар, жоба сапасын және іске асыру қарқынын арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.