Өскемен қаласында «Altai Invest – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады.

Өскемен қаласында «Altai Invest – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады.

 Аталған форум әлемнің түкпір-түкпірінен келген бизнес өкілдерін, инвесторлар мен сарапшыларды біріктірді. Форумның басты назарында — кәсіпкерлермен ашық диалог құру және Шығыс Қазақстан облысының дамуына инвестиция тартудың перспективалы бағыттарын талқылау болды. Іс-шара жаңа идеялармен алмасуға, серіктестік байланыстар орнатуға және болашақ инвестициялық жобаларға негіз болатын маңызды келісімдер жасауға тиімді алаңға айналды. Бұл өз кезегінде өңірдің экономикалық өсіміне серпін береді.