
Кездесудің басты мақсаты – әріптестік қарым-қатынастар орнату, тәжірибе алмасу және өңірдің өнеркәсіп, білім беру мен мәдениет салаларындағы мүмкіндіктерімен танысу болды. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті. Соның ішінде экологиялық акция – бірге қарағай отырғызу ұйымдастырылды. Бұл қадам өзара құрметтің, ортақ мақсаттар мен тұрақты дамуға деген ұмтылыстың жарқын символына айналды. Отырғызылған ағаштар – тек аумақты көгалдандыруға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар табиғатты және келер ұрпақты бірлесіп қорғаудың маңыздылығын еске салатын белгі болып табылады.