2025 жылғы 25 тамызда Алтай ауданында дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясы «Білімнің болашағы: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарова, мәслихат төрайымы Л.А. Гречушникова, Қоғамдық кеңестің төрағасы
Р.Р. Карагужина, мектеп басшылары, педагогтар мен ардагерлер қатысты.
Конференция ашық диалог форматында өтіп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылына арналған жоспарларын келісіп бекітті.