2025 жылғы 09 Шілдеде Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

2025 жылғы 09 Шілдеде Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

2025 жылғы 9 шілдеде Алтай ауданының Қоғамдық кеңесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында жастарды жұмыспен қамту, «Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ-не келіп түскен өтініштерді талдау, сондай-ақ «Алтай қаласының Жылусуорталық» ШЖҚ КМК-ның жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша қарыздарды болдырмау жөніндегі жұмысы қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, жеке тұлғалардан берешектерді өндіру мәселесін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Бұл мәселені қайта қарау алдында мекеме басшыларына ресми сұрау жіберіп, кейін оларды Алтай ауданы мәслихаты жанындағы қоғамдық кеңесте тыңдау ұсынылды.