Сапар барысында сенатор ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытуға байланысты бірқатар нысандарды аралап, жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларымен танысты. Аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Гречушникова мен аудан әкімі Ренат Курмамбаевпен бірлесіп нысандарды аралады. Жұмыс сапары ауыл туризмі мен аграрлық секторды одан әрі дамытуға қажетті ведомствоаралық өзара іс-қимыл және заңнамалық бастамалар мәселелерін талқылаумен аяқталды.