Алтай ауданы мәслихатының төрағасына жеке қабылдауға әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын маршруттар мәселесіне алаңдаған қала тұрғындары жазылды. Осыған байланысты билік өкілдері мен тұрғындар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырған. Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауал жолданды.