20 маусымда Алтай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.

20 маусымда Алтай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.

2025 жылғы 20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Алтай ауданы мәслихатының «2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқару және жалпы мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.
  3. ТКШ және көлік инфрақұрылымы саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы.
  4. Алтай ауданы бойынша жолаушылар тасымалы мәселелері туралы.
  5. Алтай қаласының жылу және сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру туралы. «Алтай қаласының жылу-су орталығы» ШЖҚ КМК-ның, сондай-ақ тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін қарызын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
  6. Алтай қаласының су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарының орындалу барысы туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан өзекті мәселелер бойынша уәкілетті органдарға депутаттық сауалдар жолдау туралы шешімдер қабылданды.