20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті

20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті

2025 жылғы 20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Алтай ауданының бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Хамитов Рафаэль Шариполлинович – Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы туралы. Алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз сатылуына қарсы күрес және есірткі бизнесіне қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы.

Баяндамашылар:

Мусинов Айбек Аскерканович – Алтай ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция подполковнигі.

Канафина Бахытгуль Калибековна – Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы.

  1. Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру және Алтай ауданындағы балалар сауықтыру лагерлерінің жұмысы туралы.

Баяндамашы: Канафина Бахытгуль Калибековна – Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы.

  1. Алтай ауданында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы.

Баяндамашы: Ахметкалиева Дария Кумаркановна – Алтай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы.

  1. 2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқару және жалпы мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы.

Баяндамашы: Жуанганов Куат Айдынұлы – Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

Өзгерістер енгізілді. Депутаттармен келісілді.

  1. 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №9/4–VIII «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.
  2. 2020 жылғы 27 ақпандағы №62/7-VI «Алтай ауданының бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.
  3. 2015 жылғы 13 наурыздағы №40/9-V «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.

Депутаттар белсенді түрде сұрақтар қойды. Тікелей эфирде трансляция жүргізілді.