Арызданушылардың айтуынша, аталған азамат өз пәтерін тиісті жағдайда ұстамайды. Депутаттардың бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына тұрғын үй инспекциясының өкілдері, қала әкімі аппаратының бас маманы, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, учаскелік полиция инспекторы және Алтай ауданы мәслихатының төрағасы кірді. Комиссия мүшелері тексеріс жүргізіп, пәтердің қанағаттанарлықсыз жағдайда екенін, сондай-ақ бүкіл тұрғын үйге қауіп төндіретінін анықтады. Пәтер иесінің алкоголь өнімдерін шектен тыс тұтынатыны және санитарлық талаптардың сақталмайтыны да тіркелді. Тексеріс қорытындысы бойынша пәтер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауына алынды.