Педагогтердің авторлық бағдарламаларының жұмыс тәжірибесін тарату бойынша облыстық вебинар

Педагогтердің авторлық бағдарламаларының жұмыс тәжірибесін тарату бойынша облыстық вебинар

2025 жылғы 10 сәуірде авторлық материалдар негізінде облыстық педагогтардың оқу-әдістемелік кеңесінің ұсыныстарын тарату және тәжірибе алмасу мақсатында Марқакөл, Алтай, Шемонаиха аудандары мен Өскемен қаласы педагогтері үшін онлайн режимде вебинар өткізілді.

Вебинарға ауданның 4 мектебінен (№9 орта мектеп, №11 орта мектеп, Мектеп-лицей, Зубов орта мектебі) «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттары бар 18 мұғалім қатысты.

Вебинарды ұйымдастыру келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік берді:

  • оқу үдерісінде әдістемелік басылымдарды пайдалануда мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру;

  • авторлық әдістемелік материалдарды тиімді пайдалану жолдарын анықтау;

  • мұғалімдерді жеке әдістемелік материалдарын әзірлеуге ынталандыру.

Іс-шара барысында қатысушылар Алтай ауданы педагогтері әзірлеген және оқу-тәрбие үдерісінде білім сапасын арттыру мақсатында қолданып жүрген авторлық бағдарламалармен және оқу-әдістемелік құралдармен танысты.