1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

🎒1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

 

✍🏻Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

 

🏫ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

 

🔹Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білімберетін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;

2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

 

📌Шетел азаматтары үшін:

Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

 

📌Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

 

📌Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!