«SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі

«SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі

Оқушылардың бағдарламалау технологияларын және үшөлшемді компьютерлік модельдеуді меңгеру мен қолдану саласындағы шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында 2026 жылғы 09 ақпанда КММ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» базасында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі өтті.

Чемпионатқа 10 команда, барлығы 47 оқушы қатысты. Жарыс 10+ және 14+ жас санаттары бойынша өткізілді.

Аудандық кезең қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған командалар анықталды.

10+ жас санаты

«3D-модельдеу» құзыреттілігі:
* 1-орын — КММ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» командасы
* 2-орын — КММ «Алтай қаласының №11 орта мектебі» командасы
* 3-орын — КММ «Алтай қаласының №9 орта мектебі» командасы

«Бағдарламалау» құзыреттілігі:
* 1-орын — КММ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» командасы
* 2-орын — КММ «Алтай қаласының №6 орта мектебі» командасы
* 3-орын — КММ «Алтай қаласының №11 орта мектебі»,
КММ «Серебрянск қаласындағы М. В. Инюшин атындағы орта мектеп»,
КММ «Алтай қаласындағы С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектеп» командалары

14+ жас санаты

«3D-модельдеу» құзыреттілігі:
* 1-орын — КММ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» командасы
* 2-орын — КММ «Алтай қаласының №7 орта мектебі» командасы
* 3-орын — КММ «Алтай қаласының №11 орта мектебі» командасы

«Бағдарламалау» құзыреттілігі:
* 1-орын — КММ «Алтай қаласының мектеп-лицейі» командасы
* 2-орын — КММ «Алтай қаласының №11 орта мектебі» командасы
* 3-орын — КММ «Серебрянск қаласындағы М. В. Инюшин атындағы орта мектеп»,
КММ «Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» командалары