«Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша оқыту

«Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша оқыту

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес Алтай ауданының мектептері үшін «Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша оқыту жалғасуда.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 06 ақпанда «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында онлайн-оқыту өткізілді. Оқыту барысында жобаны іске асырудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Білім бөлімінің бас маманы Рогожина О.А. тегін тамақпен қамтылатын оқушыларға ваучерлік қамтамасыз ету тетігін қолдану мәселелеріне жан-жақты тоқталып, «Әлеуметтік әмиян» жүйесінде жұмыс істеу кезеңдерін түсіндірді және қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.