Алтай қаласында мектептердегі ақылы тамақтану құнына мониторинг жүргізілді

Алтай қаласында мектептердегі ақылы тамақтану құнына мониторинг жүргізілді

2026 жылдың 29 қаңтарында «Аманат» партиясының төрағасы Б.Б. Бекбусинов, Алтай қаласы әкімінің орынбасары Е.Н. Маматаев, білім беру бөлімінің бас маманы О.А. Рогожина құрамындағы мониторингтік топ Алтай қаласының мектеп асханаларында бір оқушыға арналған ақылы түскі астың құны туралы мәселесі талқыланды.
Мониторинг барысында бекітілген мәзір, азық-түлік өнімдерін сатып алу құны, сондай-ақ ақылы түскі астың калькуляциясы қарастырылды. Тағамдардың нақты құнының белгіленген нормаларға сәйкестігіне және сатып алынатын өнімдердің сапасына ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жалға алушыларға баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.