Алматы облысында жазғы туристік маусымға дайындық аяқталуға жақын. Биылғы жылы ерекше назар — демалушылардың қауіпсіздігі мен цифрлық технологияларға аударылып отыр.
Акиматтың мәліметінше, өңірде 120 ресми жағажай жабдықталған. Барлық демалыс аймақтары тұрақты бақылауда болады — құтқарушылар кезекшілік етеді, хабарлау жүйелері жұмыс істейді және алғаш рет жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл құрылғылар қауіпті әрекеттерді анықтай алады: мысалы, адам қалқымалардың ар жағына жүзіп кетсе немесе суда тұрақсыз күйде болса.
Камералардан келіп түсетін барлық мәліметтер нақты уақытта облыстық ТЖД-ның Жедел әрекет ету орталығына жеткізіледі. Бұл жағдайларға жедел әрекет етуге және жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуаныш Мирамбекұлының айтуынша: «Тек өткен жылдың өзінде Қонаев қаласы мен оның маңын бір жарым миллионнан астам турист келді. Биыл бұл көрсеткіш екі миллионнан кем болмайды деп күтіп отырмыз. Біз туристік инфрақұрылымды дамытып, цифрлық шешімдерді енгізіп жатырмыз. Демалыс жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін барлық жағдай жасалуда».
Қапшағай су қоймасы өңірдегі басты демалыс орындарының қатарында қала бермек — енді мұнда заманауи қауіпсіздік жүйелері мен сапалы қызмет ұсынылады.