Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Абилхасимович Сулейменов 2025 жылғы  25 сәуірден бастап Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ержан Абилхасимович 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Республикалық ЖИТС орталығы» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастағын. Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру орындарында бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімшесінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.

2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Global Health Solutions» (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-ның бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет етті.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.