Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың «Көрісу күні – Амал мерекесімен» құттықтауы

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың «Көрісу күні – Амал мерекесімен» құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көрісу күні – халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрін дәріптейтін, береке мен бірлікті, мейірім мен ізгілікті ту еткен мейрам. Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебізін білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді.

Алматы облысы – ынтымағы жарасқан, ырысы мол өңір. Ортақ шаңырағымыздағы татулық пен бірлік одан әрі нығайып, әр отбасыға құт-береке, бақ-дәулет әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!