Алматы облысы әкімінің өкімімен Қожабеков Димаш Абдуарсұлы 2024 жылғы 26 желтоқсанынан бастап Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы басшысының міндеттерін атқаруға 3 ай мерзімге тағайындалды.
Димаш Абдуарсұлы 1986 жылы Алматы қаласы, Түрксіб ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 2009 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «электроэнергетика» мамандығы, 2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «құқықтану және экономика негіздері» мамандығы, 2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымының орынбасары болып бастаған.
Әр жылдары «Казэлектромонтаж» АҚ инженер-сметчигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының веб-дизайнері, Алматы қаласы әкімі аппаратының заңгері, «Алматы қаласы Шаруашылық басқармасы» ЖШС-нің заң қызметі бөлімінің бастығы, Алматы қаласының ҚР Президенті іс басқармасы әкімшілік ғимараттар дирекциясының бөлім бастығы, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының №5 Перзентхана бас дәрігердің әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша орынбасары, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Азаматтық қоғам істері комитеті басқармасының басшысы, Қостанай облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.