2024 жылдың басынан бері Қазақстан картасында жаңа Алатау қаласы пайда болды. Оны құру президенттің 9 қаңтарда қол қойған жарлығының арқасында мүмкін болды. Мамыр айында бас жоспар бекітіліп, қазан айында шекаралар белгіленіп, Алатауды заманауи мегаполиске айналдыру жолындағы ауқымды жұмыстары басталды.
Жобаға Орталық Азиядағы ең ірі «Алатау» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру ерекше назар аударды. Инновациялық жобалар 96 мың гектар аумақта жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл жоба аймақты Қытайдың Хайна мен Шэньчжэньннен кейінгі әлемдегі арнай экономикалық аймақ ретінде үшінші орынға шығарады.
Қаланың даму стратегияларын әзірлеу үшін Сингапур мен Қытайдан жетекші сарапшылар тартылады. Бұл елдер қала құрылысы, инфрақұрылым және ақылды қаланы басқару технологияларындағы озық жетістіктерімен танымал.
Жобаны жедел және сапалы басқару үшін ҚР Үкіметі жанынан Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы жобалық кеңсе құрылды. Бұл органға Алатауды абаттандыруға атсалысқан барлық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және инвестицияның дер кезінде тартылуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қаланың болашағына деген болжамымен бөлісті:
– «Алатау» – өңіріміздің дамуының жаңа парағын ашатын жоба. Біз қала тұрғындарына ыңғайлы көлік желісін, дамыған инфрақұрылымды және жоғары технологиялық басқару шешімдерін қоса алғанда, заманауи өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибеге сүйенеміз.
Алатаудың дамуы тек экономикалық өсуді ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуды білдіреді. Жаңа жұмыс орындары, инвестиция ағыны және заманауи тұрғын үй мен коммерциялық нысандардың құрылысы, аймақтың дамуына қуатты серпін береді.