Проводится химическая обработка против нестадных саранчовых

Проводится химическая обработка против нестадных саранчовых

Қорытынды мониторинг деректері бойынша "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" ММ Алматы облыстық филиалы 2024 жылы 41 589 га алаңда  шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуді жоспарлауда.
Оның ішінде 18 680 гектар аса жеңіл авиациямен "AVIASILA"ЖШС  мемлекеттік сатып алу ашық конкурсының жеңімпазы болып анықталды.
22 909 гектар жер үсті тәсілімен мемлекеттік сатып алу ашық конкурсының жеңімпазы болып "ЗаРаГранд" ЖШС анықталды.
Бұл химиялық өңдеуді жүргізу үшін  шегірткелерге қарсы 24 бірлік арнайы техника, оның ішінде 4 бүріккіш дезинфекциялық қондырғы, 10  бүріккіш, 4 арнайы техника, 3 тіркемелі тракторлық бүріккіш және 3 аса жеңіл әуе кемесі, сондай-ақ қосалқы техника жұмылдырылатын болады. Ағымдағы жылы  шегірткелерге қарсы өңдеуге жергілікті бюджеттен 201,7 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта  шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу Ұйғыр (1903 га), Еңбекшіқазақ (350 га) аудандарында жер үсті тәсілімен жүргізіледі.
Облыс бойынша барлығы 2253 га немесе 9,8% өңделген жоғарыда аталған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғасуда