Талғар ауданындағы көшкін туралы мәлімет

Талғар ауданындағы көшкін туралы мәлімет

 2024 жылғы 2 мамыр күні ауа райының тұрақсыздығынан топырақ су басып, нәтижесінде Талғар ауданының Бесағаш ауылында, Баянауыл көшесі №8 "Бурабай" коттедж қалашығында алдын ала көлемі 30 текше метр тау баурайындағы жотадан топырақтың өздігінен түсуі орын алды. Төмен келе жатқан масса тірек қабырғаға тоқтап, құрбандар мен қирауларды болдырмауға көмектесті. Бұл қабырға 2021 жылы тұрғызылған, биіктігі 4 метр, ұзындығы 144 метр. Ол 80-ге жуық адам тұратын Бурабай коттедждер қалашығындағы Баянауыл көшесіндегі 16 үйдің тұрғындарын көшкіннен қорғайды. Қазіргі уақытта каскадтық әдіспен тауды кесу арқылы тірек қабырғасын ұзарту және тау массасын жеңілдету жұмыстары жүргізілуде. Құлаған топырақты дер кезінде шығарып жатыр.
Үйлерге құрылымдық зақым келген жоқ, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында «Казселезащита» ММ, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті мекемелер мен «ҚазГидроСпецСтрой» ЖШС қызметкерлері жұмыс істеуде.