Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен 2024 жылғы 29 сәуірден Мұхамедғаріп Ниязұлы Құрманғалиев құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мұғамедғаріп Ниязұлы 1974 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген, білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл университетін «автомобиль жолдары және ұшақ алаңдары құрылысы», 2003 жылы Бағалау университетін «мүлікті кадастрлық-құқықтық сараптау» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл университетінің Қаратау инженерлік-техникалық кешенінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Бағалау институтының аға оқытушысы, Алматы қаласы құрылыс департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басшысының орынбасары, Алматы қаласы «Ақпараттық технологиялық орталығы», «Basyer Construction» (Басиер Констракшн), «Alan Construction» (Алан Констракшн) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде директор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің басқарма басшысы, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бөлім басшысы лауазымында қызмет еткен.