Егіс алқабына жайылғанжапырақ жемірін жою жұмыстары өз жалғасын табуда

Егіс алқабына жайылғанжапырақ жемірін жою жұмыстары өз жалғасын табуда

Бүгін Қарабұлақ ауылдық округі Ақай Нүсіпбеков ауылындағы егіс алқабына жайылған шытыргүлділердің жапырақ жемірі аталатын құртты жою жұмыстары өз жалғасын табуда. Ағанас жазығындағы бұл алқапқа облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының энтомологы келіп, жайылған құрттың экономикалық зиянды шектік деңгейден асатынын айттып өтті.

Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, аудандық аумақтық инспекцияның  басшысы ортақтасты.  Халықпен жүздесіп,  ауданнан әкелінген дәрі бүрккіш құрылғылар мен арнайы қорғаныш киімдерді табыстады.

Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі, Жалаңаш ауылдық округінің әкімі да халықпен бірге улау шараларын ұйымдастырды.

Ауылдағы 137 шаруа қожалық  жиналып , улау шараларын жүргізді.

Үш күннен бергі тынымсыз еңбек өз нәтижесін беруде.

Үш трактор, бір штангалы бүрккіш  агрегат және тұрғындар  дәрі бүрккіш құрылғылармен жұмыс жүргізді. 7 га  аймаққа "БИ-58" препараты себілді.