АЙМАҚТЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АШУ

АЙМАҚТЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АШУ

Алматы облысында 2030 жылға дейін жалпы құны 3,4 трлн теңгені құрайтын 189 жоба жүзеге асырылады. Бүгін облыс басшысы Өңірлерді дамыту орталығы мен «Алатау» АЭА басқарушы компаниясының өкілдерімен кездесті.
Жиын барысында компания басшылығы аймақ басшысын өңірдегі инвестициялық ахуалмен таныстырды. Алматы облысының Өңірлік даму орталығының директоры Асқат Ағыбаев биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Мәселен, 2024 жылдың соңына дейін Алматы облысында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы құны 473,2 млрд теңгені құрайтын 55 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Өз кезегінде Марат Сұлтанғазиев инвесторларға жан-жақты көмектесіп, барлық қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
«Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру аясында инвесторларға жобаны жүзеге асырудың барлық аспектілері бойынша жан-жақты көмек көрсету қажет. Сондай-ақ бар қиындықтарға назар аударып, оларды мүмкіндігінше тезірек жою және жобаның тоқтап қалуына жол бермеу тетіктерін әзірлеу қажет», - деді Марат Сұлтанғазиев.
Сөз соңында облыс әкімі ішкі резервтерді ашу және өңірдің инвестициялық әлеуетін іске асыру үшін, жергілікті инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін және одан әрі дамытудың басым бағыттарын баса айтты.