"Киелі мекен" акциясы Алматы облысында

"Киелі мекен" акциясы Алматы облысында

"Киелі мекен" акциясы аясында өңірде бірнеше мәдени және табиғи нысандардың аумағында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қорық-музейі, Талғар ауданындағы «Талғар Қалашығы» және «Жаңа» репрессия құрбандарын еске алу мұражайы, Ұйғыр ауданындағы «Шарын» ұлттық табиғи паркі аумағында, Қарасай ауданындағы Қарасай батыр ескерткіші, Іле ауданындағы Өтеген батыр ескерткіші аумағында іс-шаралар өткізілді. Жалпы іс-шараға 800-ге жуық адам қатысып  70-тен астам тарихи-мәдени нысандары ретке келтірілді.

Акцияға өңірдің барлық тұрғындары белсенді қатысты. 8 сәуірде бүкіл ел бойынша басталған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аудандарда жалғасуда. Бұл акция өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Ағымдағы аптада "Киелі мекен" іс-шарасы аясында 300 мыңнан астам адам қатысып, 3 тоннаға жуық қоқыс жиналды, 23 б жүк техникасы жұмылдырылды.