Алматы облысында «Киелі мекен» акциясы

Алматы облысында  «Киелі мекен» акциясы

Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады. Осы акция аясында облыс тұрғындары тарихи-мәдени ескерткіш – Тамғалы тас аумағын ретке келтірді.
Акцияның мақсаты – мәдени және тарихи ескерткіштері мен олардың аумақтарының жағдайын жақсарту.
Айта кетейік, облыс тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысуда. Облыстың түкпір-түкпірінде абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.