Сорбұлақ жинақтаушы көлі мен Күрті су қоймасы өңір басшысының ерекше бақылауында

Сорбұлақ жинақтаушы көлі мен Күрті су қоймасы өңір басшысының ерекше бақылауында

Бүгінгі таңда Сорбұлақ көліне қатысты негізгі міндеттердің бірі, жай-күйін бақылау мен жөндеуден басқа, суаруға сарқынды суларды пайдалануды есептеу әдістемесін жүйелі әзірлеу, сондай-ақ оны сүзу болып табылады.
Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өңірдегі су көздеріне сараптама жүргізуге арналған көшпелі кеңесінде айтылды.

Сонымен қатар, өте маңызды кезек күттірмейтін міндет, қатысушылар атап өткендей, су қоймасының суын егістік жерлерді суаруға, пайдалануға рұқсат берудің барлық сатыларынан өтуде. Бұл үшін барлық негіздер мен рұқсаттар іс жүзінде алынды. Мамандардың айтуынша, астыңғы шөгінділер мен ауыр металдардың барлығы төменде тұнып, суару үшін су алуды ұлғайту мүмкіндігі бар.

Анықтама үшін жүйенің жұмысына тоқталайық: бүкіл Алматы мегаполисіндегі ағынды сулар сонау өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында табиғи ыдысқа – Сорбұлақ қоймасына жіберілген. Қазіргі уақытта оң жақ Сорбұлақ каналының кішірек су қоймалары да пайда болған. Бүгінде бұл ылғалды масса көп сатылы тазарту жүйесі – аэрация станциялары арқылы өтеді.
Оның үстіне суару, облыстың ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін ғана емес, табиғи және жасанды су қоймалары мен каналдар жүйесінің қауіпсіздігі үшін де маңызды.

Ал енді ғана күрделі су тасқыны жағдайына байланысты мәселе тағы да өзекті болып отыр. Мысалы, Сорбұлақ бір миллиард текше метр ағынды суды максималды 622 метр биіктікке дейін қабылдай алады. Су деңгейі 1995 жылдың сәуірінде 621 метр биіктікпен критикалық деңгейге жақын болды. Ал бүгінгі мониторинг бойынша 618 метр, су көлемі 744 миллион текше метрді құрап отыр. Бұл көп, бірақ дабыл қағуға себеп жоқ. Сондай-ақ, дәл қазір тиісті қызметтер мен облыс әкімдігі қоймалық көлдерді нығайтуға да, қолда бар су көлемін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін де барынша күш салуда.
Қатысушылар талқылаған тағы бір маңызды мәселе – тасымалдау кезіндегі ысыраптарды азайту, яғни каналдарды қалпына келтіруді жалғастыру, сенімді суару жүйесін құру, сонымен қатар заманауи суару жүйелерін, соның ішінде тамшылатып суаруды енгізу қажет.

Марат Сұлтанғазиев барған екінші нысан – Күрті су қоймасы.
«Біз негізгі су тасқынынан өттік», - дейді Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Мейрам Арыстанов.
– Су қоймасы жақсы толтырылған. Қазіргі уақытта барлық нысандарға көп факторлы сараптама жүргізілуде, ол негізгі құрылымдардың жағдайын көрсетуі керек. Дегенмен, алаңдауға негіз көрмейміз. Су қоймасы тасты жерде орналасқан, бөгеттің қатайтылған негізі судың толып кетуін қоспағанда, кез келген су қысымына төтеп беруге мүмкіндік береді.
Мұндағы негізгі проблемалар әлі де басқа нәрсемен байланысты, ол магистральдық каналдардың жағдайының нашарлығы . Судың 60 пайызы жол бойында, тасымалдау кезінде жоғалады. 70 шақырымдық каналдардың 49-ы жер бетімен өтеді, яғни бұл табиғи ресурстың аз бөлігі ғана ауыл шаруашылықтарына жетеді.
Ендігі мақсат – Күрті су қоймасын пайдалана отырып, суармалы жер көлемін екі есеге арттыру. Дегенмен, бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қолданыстағы арналардың негізін толығымен бетонға айналдыру қажет.

«Көріп отырғанымыздай, келіп жатқан суды пайдалану мәселесі өткір болып тұр», - деді аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев.
– Бұл мәселелердің барлығы шұғыл шешімді қажет етеді. Оларды республикалық деңгейде қайта көтеруге тырысамыз және мүмкіндігінше қаржыландыру көздерін пысықтаймыз. Суды ұқыпты пайдалану, каналдарды ретке келтіру, бетондау ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне әкеледі, бұл аймақтағы суармалы жер көлемінің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және соның нәтижесінде еліміздің өркендеуіне ықпал етеді - деді өңір басшысы.