Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының мерейлі мерейтойы аталып өтті.
Шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы құттықтауын жеткізу үшін Президент кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы арнайы келді.
Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Садыханұлы Әшімжанов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Әділханұлы Жүдебаев жылы лебіздерін жеткізді.
Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым филармония әртістерін өңір басшысының атынан құттықтады.
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Санжар бей ұжым өнерпаздарына шығармашылық табыс тілеп, ұлттық өнерімізбен сусындап қайтты.
Шара барысында ұжымның бірқатар азаматтарына медаль табысталып, бірқатары алғыс хатпен марапатталды.
Әйгілі ақын, айтыс өнері майталманының есімін арқалап жүрген ұжымды 50 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқының төл мәдениетін, ел аумағы мен қоса өзге мемлекеттерде де насихаттап жүрген филармония абыройы асқақтай берсін!