Әрбір қазақстандық кез келген мемлекеттік органға онлайн өтініш бере алады

Әрбір қазақстандық кез келген мемлекеттік органға онлайн өтініш бере алады

Өтінішті Әкімдікке жазбаша түрде жіберу немесе компьютерге қолжетімділіктің 🗃Қазір Қазақстан Республикасының барлық азаматтары кез келген мемлекеттік органға «eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы бірнеше минут ішінде  онлайн өтініш бере алады

«eOtinish» - 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне (ӘРПК) байланысты құрылған жаңа ақпараттық жүйе

📔ӘРПК азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын жария-құқықтық дауларды реттейді

📑«eOtinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады: 

🌐eGov/eGovmobile сайты; 

▶️Aitu мобильді қолданбасы; 

🗳Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.

ӘРПК Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды.

«eOtinish-тің» артықшылықтары: 

✅Жүйеге еліміздің барлық мемлекеттік органдары қосылған, бұл көптеген өтініштерді кеңес беру сатысында шешуге мүмкіндік береді; 

✅Өтінішкер өтініштің қаралу кезеңдерін жүйеде немесе SMS-хабарламалар арқылы қадағалай алады; 

✅«eOtinish-те» өтініштердің қаралу барысы толық сақталады. Мемлекеттік органдар бұрындары қабылданған жауаптар мен шешімдерді ескере отырып, әкімшілік іс қалыптастырады;  

✅ «eOtinish» арқылы берілген өтініштер бойынша деректер талдауы азаматтардың қажеттіліктерін анықтауға және өңірлер бөлінісінде адамдардың нақты проблемаларын көруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өтініш берілгеннен кейін, мемлекеттік орган өтініш берушіге ❗️15 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Өтініш толық өңделмеген немесе жауап өтінішкерді қанағаттандырмаған жағдайда, ол шағым жолдай алады, ал мемлекеттік орган жаңа ӘРПК бойынша өз жауабының негізділігін дәлелдеуі тиіс.

«eOtinish» жүйесі барлық мемлекеттік органдарда 1 шілдеден бастап іске қосылды. Алғашқы кезде жүйе жұмысында аздаған ауытқулар болуы мүмкін, біздің мамандарымыз оларды жедел түрде реттейтін болады. Егер де «eOtinish» функционалы және жүйе жұмысы бойынша ұсыныстарыңыз болса, қуана қабылдаймыз.