
Бұл жөнінде Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Актаева Лязәт Мейрашқызы алқа отырысында мәлімдеді.
Облыс әкімінің орынбасары Исатаев Рустам Маратұлы мен өңірдің медициналық мекемелері бас дәрігерлерінің қатысумен өткен алқа отырысында «Салауатты ұлт» ұлттық жобасының индикаторлары және Алматы облысының денсаулық сақтау саласының 6 айдағы негізгі көрсеткіштері талқыланды.
Басқарма басшысы Лязат Мейрашқызы облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
-Бүгінгі таңда Алматы облысындағы 340 мемлекеттік мекеменің ішінде 40 нысанның инфрақұрылымын жақсарту қажет. Ол үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану жөніндегі ұсыныстар қаралуда.
93 мекеменің инфақұрылымы жақсартылды. Атап айтқанда 2022 жылы 30 нысан, 2023 жылы 44 нысанның жұмысы аяқталды. Ал 2024 жылы 19 нысанда аяқтау жоспарланған.
Қазіргі уақытта Алматы облысының тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданған, - деді басқарма басшысы.
Облыста жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 2022 жылы 4 нысанға, 2023 жылы 1 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 6 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. 2023 - 2024 жылдары 5 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар 2022 жылы 4 нысанның құрылысы аяқталып, 16 блокты-модульдік кешен қолданысқа берілді. 2023 жылы 11 блокты-модульдік кешен орнату жұмыстары аяқталады.
2023 жылы Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа құрылыс-монтаждау жұмыстары 6 объектіде (2 емхана; 2 дәрігерлік амбулатория; 1 фельдшерлік-акушерлік пункт; 1 медициналық пункт) жүргізіледі, оның 4 - і 2023 жылы , 2 нысанның жұмысы 2024 жылы (2-емхана) аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 2 аурухананы жаңғырту жұмыстары 2024 жылы аяқталады. 2023 жылы 27 МСАК объектісін, 2024 жылы 11 объектіні салу көзделген.
Алқа қорытындысы бойынша азаматтардың өмір сүру ұзақтығының жоспарлы көрсеткішіне, медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне және ана мен бала денсаулығына бас назар аудару тураалы тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, облыста халыққа медициналық көмекті 398 медициналық ұйым көрсетеді: мемлекеттік – 340, оның ішінде 35 аурухана ұйымы, 5 МСАК орталығы, 145 ДА, 67 ФАП және 88 МП, 58 жеке меншік.