Алматы облысында мүгедектігі бар жандарды қолдау орталығы ашылды
Қонаевта мүгедектігі бар азаматтарға арналған "Тең қоғам" қолдау орталығы ашылды.
Бұл орталық бірнеше бағытта қызмет ететін болады. Оның ішінде:
• Egov.kz порталы арқылы қызмет көрсету,
• aleumet.egov.kz арқылы мемлекет тарапынан берілетін қажетті құрал-жабдықтарға, санаторий-курорттық емдеу орталықтарына, орнын толтырушы құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдарына, протездік-ортопедиялық көмек және сурдо-тифлотехникалық заттарға өтініш жіберу,
• мүгедектігі бар азаматтарды жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға уақытша немесе толық күндік жұмысқа орналастыру,
• өз ісін бастағысы келіп жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант жобаларына қатыстырып, грант иеленгенге дейін көмек көрсету,
• заңгерлік қызмет көрсету және т.б.
Қазір мұнда психолог, әдіскер, заңгер секілді 7 маман жұмыс жасайды. Олар таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін халыққа қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта штат саны көбейеді деп жоспарланып отыр.
Кеңсе басқа да осы тектес үкіметтік емес ұйымдармен, орталықтармен Меморандумға отырып, ынтымақтастықты күшейтпек ниетте.
Орталық мекенжайы: Қонаев қаласы, Ивушка 15.