Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Ермек Биғазыұлы Баймухамбетов Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы лауазымына тағайындалды.

Ермек Биғазыұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Алматы технологиялық университетін, 2012 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетін, 2022 жылы «Тұран» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы ПАУЭР Консолидейтед» АҚ ЖЭО-1 Департаментінің отын-тасымалдаушы цехының 4 топтағы отын беру машинисті болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің басшысы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың қаңтар айынан Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болған.