Қонаевта балаларды қорғау күніне орай скейт парк ашылды

Қонаевта балаларды қорғау күніне орай скейт парк ашылды

Нысанның қызыл лентасын да мектеп оқушылары қиды.

Бұл жерде рампа, рейл, бэнк, квотер пайп секілді түрлі трюктарды жасауға арналған жабдықтар қойылған. Жобаны жасаушылар нысанды орталық алаң мен скверді қосатындай етіп ойластырған. Скейт парктің жалпы аумағы 9400 шаршы метр. Оның ішінде балалар алаңқайы 400 шаршы метрді, воркаут алаң 200 шаршы метрді алып тұр. Сондай-ақ мұнда фотоаймақ бар. Парк толығымен абаттандырылған, жасыл желек егіліп, оны автоматты суарғыш құрылғылар қойылған.

Скейт паркте түрлі халықаралық турнирлерді өткізуге болады. Ал қонаевта экстремалды спорт түріне әуесқой 1000-ға жуық тұрғын тұрады.

Ашыла салысымен балалар жаңа алаңда скейтборд, самокат, велосипед теуіп жүр. Бұл көрініске қарап, тұрғындардың риза екендерін аңғаруға болады.